Мен, Ұзақбаева Замира Әділбайқызы 1995 жылы 29 шілдеде Өзбекістан республикасы, Қарақалпақстан республикасы Шымбай қаласында дүниеге келдім. 2012 жылы Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектепті бітірдім. 2012 жылы Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе педагогикалық институтына түстім. 2016 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік университетін Шетел тілі:екі шетел тілі мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Оқу жолын жалғастыру мақсатында 2016 жылы Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем Тілдері университетінің магистратура күндізгі бөліміне оқуға түстім. 2018 жылы Шетел тілі:екі шетел тілі мамандығы бойынша магистр дәрежесін алдым. Оқу бітіре салысымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік университетінің Бірінші ректорының менеджері қызметіне орналастым. 2019 жылы Алматы қаласына қоныс аударып, қыркүйек айында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология факультетінің шет тілдері кафедрасына оқытушы қызметіне орнықтым. 2020 жылы Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті филология факультетінің лингвистика мамандығы докторантурасы грантын иелендім. Оқу барысында «Вербалды және бейвербалды брендтердің суггестивті әсері» атты диссертациялық жұмысымның мақалалары бірнеше журналдар мен конференция жинақтарында жарияланды. Шетелдік тағылымдамадан Иордания корольдігінің Ирбид қаласындағы Ярмук университетінде сәтті өтіп шықтым. 2023 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті филология факультетінің лингвистика мамандығы докторантурасының 3 жылдық курсын бітіріп шықтым.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Қ.Жұбанов ат.Ақтөбе мемл.универcитеті
Жоғары
2016
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0